Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған білім беру жоспарын талқылады

2 505

Фото:© primeminister.kzЖиында 2026-2028 жылдарға арналған мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамытудың кешенді жоспарының жобасы талқыланды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kaz.kazlenta.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру және болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыру мәселелері талқыланғанЖиын барысында кешенді жоспарды әзірлеу жұмыстарының барысы таныстырылып, жауапты мемлекеттік органдар мен сарапшылардың ұсыныстары тыңдалған. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын таныстырды. Жоспар білім беру сапасын арттыруға, балалардың ерте жастан жан-жақты дамуына жағдай жасауға және педагогтердің кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған.

Өз сөзінде Аида Балаева мектепке дейінгі және бастауыш білім беру баланың тұлға болып қалыптасуындағы ең маңызды кезеңдердің бірі екенін атап өтті. Ол осы сатыда берілетін білім мен тәрбиенің баланың болашақтағы оқу жетістіктері мен әлеуметтік дағдыларына тікелей әсер ететінін айтқан. Кеңесте тәрбиеші мамандығының беделін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған құндылықтарға негізделген педагогтерді даярлаудың жаңа моделін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігіне педагогикалық білім берудің жаңартылған моделін әзірлеу тапсырылды. Аталған модель аясында талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру, педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын енгізу және кәсіби бейімділікті бағалау тетіктерін күшейту көзделіп отыр. 

Жиында болашақ педагогтерді даярлау мазмұнын жаңарту, тәжірибеге негізделген оқытуды күшейту, заманауи цифрлық технологияларды оқу процесіне кеңінен енгізу және профессор-оқытушылар құрамының кәсіби әлеуетін арттыру білім беру саласындағы негізгі стратегиялық басымдықтар ретінде аталған.  Бұл бастамалар педагог кадрлардың сапасын арттырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Ұсынылған өзгерістер мен жаңа бастамалар алдағы уақытта өңірлерде сарапшылардың, жоғары оқу орындары өкілдерінің және педагогикалық қауымдастықтың қатысуымен кеңінен талқыланып, кешенді жоспарды жетілдіру барысында ескерген.