Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау басталды

2 524

Бүгін магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.


Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында ЖЖОКББҰ арқылы жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады. 


Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі; жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы); КТ сертификаты; халықаралық сертификаттар (бар болған кезде).


Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант,  «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» 461 грант бөлінген.


Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.