«Еліміздегі 30-дан астам ғалым шамамен 340 миллион теңгедей авторлық сыйақы алып отыр» - Жанна Құрманғалиева
445

«Кез келген ғылыми қызметтің маңызды нәтижелерінің бірі – бұл нақты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге, аумақтың дамуына, әрбір қазақстандықтың өміріне оң әсер ету. Қазақстан Ғылым қоры желісі бойынша 2016 жылдан бастап ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың 151 жобасы қаржыландырылады. Бүгінгі таңда 120-дан астам жоба сату кезеңіне шықты. Инновациялық өнімді сатудан түскен жалпы табыс 16 млрд теңге болды. Сондай-ақ, 5,2 млрд теңге салық төленді. 1400-ден астам жұмыс орны құрылды», - деді комитет басшысы.
Айтуынша, әзірге жобаларды жеке сектормен бірлесіп қаржыландыру көлемі мардымсыз – шамамен 18%.
«Дей тұрғанмен отандық ғылым жетістігі арқылы өндірілген 350 млн теңгенің өнімі экспортталды. Еліміздің 30-дан астам ғалым шамамен 340 миллион теңгедей авторлық сыйақы немесе өз жобаларынан роялти алып отыр. Бұл - өте үлкен жетістік»,- деді Жанна Құрманғалиева.
Оның айтуынша, Қазақстанда 1 млн халыққа 1 172 ғалымнан келеді.