Жоғары оқу орнына Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді
442
Жетісай қаласындағы Сырдария университетіне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«1998 жылы Жетісай қаласында негізі қаланған Сырдария университеті бүгінде тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жеке жоғары оқу орындарының біріне айналды. Осыған байланысты оқу орнына жерлесіміз, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің атын беру ұсынылып, ол бірауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ Үкімет және Ғылым және жоғары білім министрлігіне университетті Шымкент қаласына көшіру туралы ұсыныс жолданды. Енді Ж.Тәшенев атындағы жоғары оқу орны жаңа оқу жылын үшінші мегаполис төрінде бастамақ», – дейді университет ректоры Қанат Байболов.
Қазіргі таңда, университетте бакалавриаттың 13 бағыты бойынша – 31, магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандық иелерін оқытады.
Оқу орнында 850 студентке арналған 4 жатақхана бар.