2026 жылға дейін мамандарды даярлаудың алдын-ала болжау үлгісіне көшеміз – вице-министр
613
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бриингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев 2026 жылға дейін жоғары білімді дамытудың басым бағыттарын атады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің мәліметіне сәйкес, 2026 жылға дейінгі жоғары білімді дамытудың басты бағыттарына мыналар кіреді:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қолжетімділікті кеңейту;
- мамандарды даярлаудың алдын-ала болжау моделіне көшу;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру және мазмұнды жаңарту;
- жоғары білімдегі цифровизациялау;
- университеттердегі басқару жүйесін жетілдіру;
- жоғары білімдегі интернационализациялау;
- жоғары білім жүйесінің сапасын қамтамасыз ету.
«Қазіргі таңда жоғары білім саласындағы ұлттық саясаттың ең басты міндеті – ол жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және де «білім экономикасына» қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Осы міндеттерді орындау үшін бүгінде біз стратегиялық басымдықтарды нақты айқындап, бірқатар бағдарламалық құжаттарды бекіттік. Бұл – университеттердің автономиясы туралы заң, «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасы, 2022-2026 жылдарды қамтитын ҚР Білімді дамытудың тұжырымдамасы», - деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.