Мектептің беделі үшін оқушыны колледжге ауысуға мәжбүрлейтін мұғалімдер жазаланбақ

2 317

Ғани Бейсембаев мектепте нашар оқитын оқушыларды колледждерге ауысуға мәжбүрлейтіндерді анықтауды тапсырды , - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептің беделі үшін нашар оқитын оқушыларды колледждерге ауысуға мәжбүрлеу фактілері бар екенін мәлімдеді.


«Оқу-ағарту министрлігі тарапынан мұғалімдер немесе мектептер арасындағы рейтинг мәселесі жоқ екенін тағы бір баса айтқым келеді. Дей тұрғанмен кейбір жекелеген мектептерде белгісіз рейтингілер туралы әңгіме қозғалатын сияқты. Осыған байланысты кейбір мектептерде оқушыларды өзінің еркінен тыс колледжге ауысуға мәжбүрлеу фактілері кездесетін көрінеді. Сондықтан барлық білім басқармаларына, бөлімдеріне және мектеп әкімшілігіне ешқандай заңға сәйкес келмейтін балаларды негізсіз колледждер мен басқа да мекемелерге ауысуына мәжбүрлеу фактілеріне қадағалау жүргізіп, оларға жол бермеуді тапсырамын», - деді Ғани Бейсембаев аппарат жиналасында.


Сондай-ақ министр сөзінше, мектептерді лицензияланған күзетпен қамту мәселесінде әлі де кемшілік бар.