Оқушылар арасында алғаш рет жасанды интеллект бойынша Олимпиада өтеді
Цифрландыру министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Спорттық бағдарламалау федерациясы мектеп оқушылары арасында алғашқы республикалық жасанды интеллект бойынша AI Olymp Олимпиадасын өткізеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Цифрландыру министрлігінде маңызды кездесу өтіп, оған Цифрландыру министрі Жаслан Хасенұлы Мәдиев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бектаұлы Бейсембаев және Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Батырбекұлы Мусин қатысты. Кездесуде жасанды интеллект саласындағы білім беруді дамыту бойынша шаралар талқыланды.
Кездесудің негізгі оқиғасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Бұл құжат еліміздегі жасанды интеллект бойынша білім берудің жаңа кезеңін бастауға негіз қалады. Осы келісімнің маңызды нәтижесі ретінде мектеп оқушылары арасында алғашқы республикалық жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасын өткізуді шешті.
Олимпиада жасанды интеллект және оған жақын салаларға (спортивтік бағдарламалау, математика, деректерді талдау) қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, қолдауға, сондай-ақ оқушыларды Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына дайындауға бағытталған.
Олимпиада көктемде екі кезеңде өтеді. Елдің түкпір-түкпірінен келген оқушылар бағдарламалау, математика және классикалық машиналық оқыту тапсырмаларын шешетін онлайн іріктеу кезеңіне қатыса алады.
Ең үздік 30-40 қатысушы машиналық оқыту алгоритмдері, деректерді талдау және жасанды интеллект концепцияларымен байланысты практикалық тапсырмаларды шешетін финалдық кезеңге шақырылады.
Ең жақсы нәтижелер көрсеткен қатысушылар 2025 жылдың 2-9 тамызында Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өтетін Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI) Қазақстан құрамасының құрамын анықтау үшін арнайы дайындықтан өту мүмкіндігіне ие болады.