Қызылордалық зияткер халықаралық тіл олимпиадасында ІІ орынды жеңіп алды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Әл-Фараби 2024» халықаралық олимпиадасында Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Арайжан Нартай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орынды жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан және ТМД елдерінің, сонымен қатар таяу және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары қатысқан додада дарынды өрендер 3 кезеңде бақ сынасты. Пәндік тест, эссе жазу секілді күрделі тапсырмаларды орындап, қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін ортаға салды. Арайжан барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, жеңіс тұғырының 2-ші сатысынан көрінді. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, өткен жылы Арайжан 9-11- сынып оқушылары арасында өткізілген «Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?...» атты республикалық шығармашылық байқауында да топ жарып, жеңімпаз атанған болатын.
Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығы ұстазы Гаухар Абайқызының ерекше оқыту әдістемесі арқылы туындағанын айтады: