Таир Сатубалдин үш жыл қатарынан Жәутіков олимпиадасының алтын медаль иесі

1 076
Алматылық оқушы үш жыл қатарынан  математиктер арасында үздік атанды, -  деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 
Таир 5 жасынан  бастап көптеген олимпиадалардың жеңімпазы атанған. Бахыт Архипқызы есімді күтушісі кішкентай Таирдың математикаға деген сүйіспеншілігін оятқан. Ал мектеп табалдырығын аттаған соң, математика ең қызықты пәндерінің біріне айналған. 

Былтыр Таирға Астана IT университеті тегін оқуға грант ұсынса, бүгінде Hong Kong University of Science and Technology жоғарғы оқу орнында білім алуға мүмкіндігі бар. Жалпы өзі АҚШ-тағы Massachusetts Institute of Technology университетінде оқуды көздеп отыр.

 «Сөздің шыны керек мен Халықаралық жарысқа дайындалмай барып, алтын медаль иегері атандым. Маған I – кезең II- кезеңге қарағанда қиындау соқты. Мәселен, мен бірінші турға 4,5 сағатым кетсе, ал екінші турға 3 сағат уақытым жұмсалды. Енді алдағы өмірімді жоғары математикамен байланыстырығым келеді. Жоспарлар көп»,-дейді Таир Сатубалдин.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.