Білім саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,7 пайызға қысқарды

409
Білім саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,7 пайызға қысқарды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтар-қазанында білім саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда шынайы мәнде 15,7 пайызға қысқарып, 175,2 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын сектордағы инвестиция көлемі 20,8 пайызға ұлғайып, 201,8 млрд теңгені құраған болатын.

Білім беру саласындағы инвестиция көлемінің жартысынан көбі мына 4 өңірге тиесілі: Алматы (31,3 млрд теңге), Түркістан облысы (22,3 млрд теңге), Шымкент (19,9 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан (18,8 млрд теңге).

Инвестицияның ең төменгі көлемі Қазақстанның батыс өңірлерінде орын алды: Батыс Қазақстан (3 млрд теңге), Ақтөбе (3,2 млрд теңге), Маңғыстау (3,4 млрд теңге) және Атырау (3,7 млрд теңге) облыстары.

Биыл білім саласына құйылған инвестицияның жартысынан көбі, нақты айтқанда 97,4 млрд теңгесі жергілікті бюджеттерден түсті. Ал бір жыл бұрын олардың үлесі жалпы инвестицияның үштен екісін құраған.

Кәсіпорындардың өз қаражаты және республикалық бюджет қаржысы есебінен салынған инвестиция көлемдері тиісінше 40,1 млрд және 21,9 млрд теңге болды.

Банктік емес заем қаражат есебінен қаржыландыр көлемі айтарлықтай өсіп, 7,9 млн теңгеден 9,1 млрд теңгеге дейін артты. Білім саласындағы инвестиция құрылымында банктердің кредиті 6,2 млрд теңгеден 6,6 млрд теңгеге дейін өсті.