Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының тағы алты филиалы ашылады
Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының тағы алты филиалы ашылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шенеуніктердің айтуынша, қазірдің өзінде елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының жеті өкілдігі жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан – баршаға және әрқайсысына" атты сайлауалды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бір жылға жетер-жетпес уақытта елімізде ондаған мектептер салынып, студенттер жатақханалары күрделі жөндеуден өтті.
Студенттік орын тапшылығын шешу үшін 2023 жылы 154 мектеп ашуды жоспарлағаны хабарланды. Қазірдің өзінде 85 мектеп пайдалануға берілді, қалған 69 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен серіктестікте жасанды интеллект жоғары мектебі ашылды. Ол жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика саласындағы оқытуға маманданады.
Жалпы Қазақстан бойынша әртүрлі әлемдік университеттердің 7 филиалы бар. Онда мыңнан астам қазақстандық оқиды.