Су тасқынына байланысты 149 мың оқушы жиынтық бағалаудан босатылды
Су тасқынына байланысты Атырау облысында 149 мың оқушы бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудан босатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманованың айтуынша, Оқу-ағарту министрлігінің 10 сәуірдегі хаттамасына сәйкес, осындай шешім қабылданған.
Оның айтуынша, Атырау облысында оқушыларға 9 мыңға жуық педагог дәріс береді. Олардың арасында біліктілік санатын арттыруға арналған аттестациядан өтетін мұғалімдер бар.
Қаз
Рус






