Мектеп автобустарының автопаркі жаңартылады – министр

496
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова: мектеп автобустарының автопаркі жаңартылатынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Биыл алғаш рет 25 мыңнан аса баланы оқу орнына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі ауқымды түрде жаңартылады. Әкімдіктер 515 мектеп автобустарын лизингпен сатып алуда. Алғашқы автобустарды осы айдың ішінде Ақмола облысына жеткізу жоспарланған», - деді ол

Вице-министрдің атап өтуінше, Балалар жылы бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 10 пайызға өсті. Бұл ретте Шымкент қаласы, Қарағанды облысының жұмысын оң бағалауға болады. 

«Балалар жылында алғаш рет жас спортшыларымыздың халықаралық спорт жарыстарына қатысуына республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, қазақстандық команда Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадада 86 медаль жеңіп алып, 70 елдің ішінде Бразилия, Франциядан кейін 3-орынды иеленді. 2,4 млн оқушы қосымша білім алып жатыр. Биыл 270 мыңнан аса бала қосымша үйірмелер мен секциялармен қамтылады. Жыл соңына дейін қамту көрсеткіші 5 пайызға ұлғаяды», - деді Шолпан Каринова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.