Қазақстандағы барлық мектеп келесі жылы 5 күндік оқуға көшеді

285

Тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылдан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдер аптасына бес күн ғана жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 

Фото: pixabay.com

"Келесі жылдан бастап үш ауысымдық мектептерді қоспағанда, барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына ауысады. Біз осындай шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Біз мұғалімдердің сенбі күні демалуы тиіс деп санаймыз. Мұғалімдер сенбі күні өз балаларының қасында болуы керек. Бұл мектеп директорларына да, оқу меңгерушілеріне де қатысты", – деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.


Министр бұл өзгеріс ұстаздардың еңбек демалысына әсер етпейтінін атап өтті.


"Бұл еңбек демалысына әсер етпейді. Демалыс уақыты 56 күн болып өзгеріссіз қалады. Оның үстіне мен мектеп директорларына мынаны айтқым келеді: сенбі күні кейбір әріптестер әдістемелік күндер өткізіп немесе мұғалімдерді қалай да болсын мектепке шақыртып алады. Менің ойымша, бұл практиканы тоқтату керек. Мұғалімдер де, директорлар да бес күн жұмыс істеуі керек", – деді ведомство басшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.