2024 жылғы ҰБТ-да қандай өзгерістер бар?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылғы ҰБТ форматына енгізілетін өзгерістерді мәлімдеді, - деп хабарлайды"Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, 2024 жылғы ҰБТ-да тест сұрақтарының саны өзгереді, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарады.
ҰБТ тапсырмалар саны мен жоғары балл өзгеріссіз қалды. Жалпы 120 сұрақ, 140 балл:
Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма;
Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма;
екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма.
Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты тестілеу уақыты қысқарады. Енді ҰБТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілген. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
Министрдің айтуынша, бейіндік пәндердің комбинациясы бойынша да өзгерістер бар. Оқушылардың, ата-аналардың және педагогикалық қауымның пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, "B059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар", "B055 – Математика және статистика", "B063 – Электротехника және автоматтандыру" білім беру бағдарламаларының топтарына түсушілер "Математика-Информатика" комбинациясын тапсырады.
2024 жылы талапкерлер биылғыдай ҰБТ-ны бес рет тапсыра алады. Оның екеуі грант тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік берсе, қалған үшеуі ақылы оқуға түсуге мүмкіндік береді.