Қазақстанда 4 жоғары оқу орны мен 29 колледж жабылу алдында тұр
408

Мұғалім даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайған.
Оның айтуынша, студенттерге сапалы білім беру үшін бақылау екі бағытта жүргізіледі:
сапасыз жоғары оқу орындарын немесе колледждерді жабу және оларды лицензиядан айыру;жоғары оқу орнын немесе колледжді бейіндеу, бейініне сәйкес келмейтін және сұранысқа ие емес лицензияларды қайтару.
"Қазіргі кезде толығымен 15 жоғары оқу орны және 31 колледж жабылды. Тағы 4 жоғары оқу орны және 29 колледж жабылу сатысында", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сонымен қатар 61 университеттің 500 бағыт бойынша лицензиясы және 375 колледждің 2 200 бағыт бойынша лицензиясы қайтарып алынған.
Тағы 15 университет пен 47 колледждің бейініне сәйкес келмейтін лицензияларын қайтару жұмыстары жүріп жатыр.
Мәселен, Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалім даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайса, заңгерлер 72-ден 61-ге дейін қысқарған.
Министр болашақта тек сапалы білім беретін университеттер мен колледжер қалатынын атап өтті.