Тараздық оқушылар ерекше протез ойлап тапты
Таразда мектеп оқушылары ерекше протез ойлап тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Яғни қол-аяғы қимылсыз қалғандар құралдың көмегімен арбасын жылжытып, ұялы телефон мен компьютерді, тіпті кондиционерді басқара алады. Жаңа жобаны Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары 2 жылда жасап шықты. Құрылғы жақ-сүйекке киіледі. Мүгедектігі бар адам тіл арқылы немесе басын қимылдатып жұмыс істей береді. Мысалы арбаны солға немесе оңға бағыттау үшін басын бұрса жеткілікті. Жас өнертапқыштар туындыға авторлық құқық алған. Енді демеуші тауып өндіріске шығарсақ, - дейді. Өйткені елдегі 700 мың мүгедектің, 12 пайызы ғана қоғамға бейімделген.