Елордада жаңа білім беру платформасы таныстырылды
Елордада инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық үздік тәжірибелерді жинақтайтын бірегей аналитикалық зерттеу орталығы өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұнда ғалымдар мен PhD докторанттар ерекше қажеттілігі бар балаларға диагностикалық сессиялар жүргізіп, ғылыми негізделген әдістемелерді сынақтан өткізген. Зерттеуге Стэнфорд университетінің Аутизм орталығы мен Калифорния университетінің (UCLA) жетекші профессорлары кеңесші ретінде қатысады.
Орталықта екі арнайы жабдықталған зертхана жұмыс істейді: Гизелла айнасы мен бейнебақылау жүйесі арқылы маман баламен тікелей байланыссыз оның ойын кезіндегі мінез-құлқын, қозғалыс дағдыларын және зейінін бақылауға мүмкіндік алады.
Орталықтың жұмысы үш кезеңнен тұрады: баланың ортаға бейімделуі, ата-ананы нұсқаулықпен қамтамасыз ету және тікелей оңалту сабақтары өткізу. Жоба аясында мұғалімдер үшін интерактивті білім беру платформасы іске қосылмақ.
- Біз өңірлердегі мектептер мен балабақшалардан үлкен сұраныс бар екенін байқадық. Бүгінгі таңда осы платформа арқылы 300-ден астам педагог инклюзия құралдарын меңгеріп шықты. Платформаның ерекшелігі - мұнда теориямен қатар, зертханадағы сабақтарды тікелей эфирде көріп, тәжірибе жинақтауға болады. Бұл тіпті шалғай ауылдағы студентке де әлемдік деңгейдегі әдістемелерді меңгеруге жол ашады, - дейді жоба жетекшісі, Әсем Тәжиева.
- Мұндай жобалардың маңызы зор, өйткені олар білім беруден бөлек, ерекше баласы бар отбасылардың әлеуметтік оқшаулануына жол бермейді. Егер мұғалім дайын болса, бала мектеп ортасына тез бейімделеді. Бұл — мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы маңызды қадам, — деп атап өтті NU Impact Foundation басқарма төрағасы Саян Нюсупов.







