Mектептерде жыныстық тәрбие сабақтары пайда бола ма?

2 172

Фото: istockphoto.comОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық мектептерге "Жыныстық тәрбие" пәнін енгізу жоспарланып жатыр ма дегенге жауап берді, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Журналистердің бірі мектеп жасындағылардың арасында ерте жыныстық қатынасқа түсу, жүктілік белең алғанын тілге тиек етті.

 "Қазақстандық мектептерде жыныстық тәрбие сабағын енгізетін кез келді деп ойламайсыз ба?”, - деп сұрады журналист.

Министр мұндай жайт көбеймеюі үшін ата-аналардың бала тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыруға шақырды.

"Ең алдымен ата-ана жауапкершілігін арттыру дұрыс болар еді деп ойлаймын, ол баяғыдан солай. Мұндай нәрселер отбасында қолға алынуы керек. Біз арнайы ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарын аштық. Мен ол жақтағы психологтарға мүмкіндігінше ата-аналарға тәрбие беруді тапсырдым – балаға қалай қарау керек, балаларды қалай тәрбиелеу керек деген сұрақтарға көмектеседі. Ең дұрыс және нәтижелі, тиімді шешім – ата-ана жауапкершілікті өз мойнына алуы. Алайда ондай сабақ болмайды.", – деді Бейсембаев.

Түптің түбінде ведомоство “Жыныстық тәрбие” пәнін енгізуді жоспарлап отырған жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.