Биыл мектептегі соңғы қоңыраулар алғаш рет 1 маусымда өтпек
Биыл елімізде оқу жылы 31 мамырда аяқталып, соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев мәлімдеді.
Министр оқу жылының ұзаруы мен соңғы қоңырауды 1 маусымда тойлауға қатысты ата-аналар тарапынан шағымдарға жауап берді.
Көптеген ата-ана 25 мамырды қайта қайтару туралы айтуда. Шешім қабылдап, биыл бірден іс жүзінде қолдану соншалықты оңай нәрсе емес. Бұл бұған дейін қабылданған оқу жоспарына әсер етеді. Өйткені мұғалімдердің сағаты мен оқу материалының жоспарланған көлемі бар. Қабылданған шешім осы жылы жүзеге асырылатын болады, - деді министр Үкімет отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Айтуынша, тиісті бұл шешімді қарауға тиісті тапсырма берілген.
Бұйрықты қайта қарау үшін оқу қауымдастығын, соның ішінде ата-аналарды жинауға тапсырма берілді. Соңғы шешімді сараптамалық қауымдастық қабылдайды, - деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, оқу жылының аяқталу күні мен соңғы қоңырауды 25 мамырдан 31-не ауыстыру қоғамда резонанс тудырған болатын.