Қандас талапкерлер үшін қазақстандық ЖОО-ға түсуге жаңа жеңілдіктер бекітілді
Біріншіден, Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шекті балл болмайды.
Екіншіден, бес емтиханның орнына үш емтихан (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән) тапсырады.
Үшіншіден, төрт жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік сақталып қалды.
Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарға орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік сақталды.
Осы ретте, Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ үміткерлер құжаттарыңызды грант иегері болуға тапсыруға асығыңыздар. Нәтижелер республикалық мерзімді басылымдардың беттерінде және сайттарда 10 тамызға дейін жарияланады.