Магистратураның оқу ақысы 2 млн теңгеге дейін көбейеді

353

Ғылым және жоғары білім министрі  елімізде жоғары оқу орындарының ғылымға назар аударуы үшін магистратураның оқу құны өсетінін атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Жоғары оқу орындарының ректорларының өздері магистрларды, PhD докторанттарды даярлауға құлықсыз. Неге десеңіз, магистратура грантының құны 380 мың теңге.Ал бакалавриат грантының құны 1 млн теңгеге жуық," -дейді Саясат Нұрбек.


Ол осы себептен ректорлардың басқаша ойлайтынын алға тартты. Енді, алдағы 3 жылда магистратура, докторантура гранттарының құны 1,5-2 миллион теңгеге дейін көтеріледі.

"Олар бакалаврға түскендер төрт жыл бойы миллион теңге төлеп тұрады. Ал магистрды қабылдасам, ол екі жылда маған бір миллион теңге де әкелмейді дегендей ойда болады. Сондықтан осы жылдан бастап магистратура, докторантура гранттарының құнын өсіреміз," - дейді министр.