Оқушыларға арналған жаңа пән: Жасанды интеллект Келешек мектептерінің оқу бағдарламасына енуде

2 284

Фото: Оқу-ағарту министрлігіМемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Келешек мектептері» жобасы аясында мектеп бағдарламасына жасанды интеллект тақырыптары енгізілуде. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізіліп, пилоттық мектептерде сынақтан өтуде. Бастауыш сыныптарда ойын және көрнекілік әдістері қолданылса, жоғары сынып оқушылары чат-бот құру, деректерді талдау және этикалық мәселелерді шешу сияқты жобалық жұмыстармен айналысады.

Астана қаласындағы №101 «Келешек мектебі» сынды білім ордаларында Roqed AI, Aqyl, Google Workspace for Education және AI-негізіндегі Kahoot сынды заманауи цифрлық құралдар қолданылып жатыр. Бұл технологиялар оқыту үдерісін жекешелендіруге және оқушылардың қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Жасанды интеллектті білім беру жүйесіне қауіпсіз әрі этикалық жолмен енгізу үшін арнайы нормативтік құжаттар мен этикалық стандарттар дайындалып, сынақтан өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, Этикалық кеңес құрылып, мектептерге әдістемелік қолдау көрсетілуде.

Ұлттық білім академиясының мәліметінше, жасанды интеллект мұғалімнің көмекшісі әрі оқушының серіктесіне айналып, ойлау, коммуникация және жеке жауапкершілік дағдыларын дамытуға үлес қоспақ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.