Қазақстанда педагогикалық дипломы жоқ мамандарға да мектептерде сабақ өтуге рұқсат берілмек

2 625

Фото: ашық дерек көзіҚазақстанда мектепте балаларды жоғары білімді, бірақ педагогикалық дипломы жоқ мамандар да оқыта алады. Бұл кадр тапшылығы мәселесін шешеді деп күтілуде. Бірақ маманға балаларды оқытуға рұқсат бермес бұрын, арнайы дайындықтан өту қажет болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мектептерге мұғалім ретінде жоғары, бірақ педагогикалық білімі жоқ мамандарды тарту жоспарлануда. Ол үшін олар теория, практика және мектептегі оқытуды қамтитын бір жылдық курстардан өтіп, сәйкес сертификат алуы керек. Жаңа жүйе басты мәселе – еліміздегі ұстаз тапшылығын шешуге септігін тигізеді, дейді мамандар.


“Жоғары білімі бар және тиісті пәндер бойынша дайындалған мамандар ертеңгі күні жетіспейтін мұғалімдерді алмастыра алады - бұл бірінші мәселе. Екіншіден, басқа саладан мұғалімдердің келуі мектептегі кәсіби өмірді біршама әртараптандырады. Мұғалімдер өзара тәжірибемен алмасады”, – дейді "Назарбаев зияткерлік мектебі" АҚ педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Қабдыкәримова.


Сарапшылар бұл әдіс сұранысқа ие болады деп есептейді, өйткені мұғалімдердің жалақысы қазір айтарлықтай жоғары. Сарапшылардың пікірінше, "сырттан кіру" жүйесі әртүрлі елдерде тек мектептерде ғана емес, университеттерде де қолданылады. Оқыту үшін үлкен білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар, өз ғимараттарын балаларға бере алатын белгілі мамандар тартылады.