Биыл оқушылардың 9 % мектеп мұғалімі мамандығын таңдады - министр
717
Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова: Биыл мектеп түлектері Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсырады деді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Биыл мектепті 155 мыңнан астам түлек бітіреді, 9-сыныпта 267 мыңнан астам оқушы оқиды. 9-сыныпқа арналған қорытынды емтихандар 28 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Олар төрт пән бойынша сынақтан өтеді.
Биыл мектепті 155 мыңнан астам түлек бітіреді, 9-сыныпта 267 мыңнан астам оқушы оқиды. 9-сыныпқа арналған қорытынды емтихандар 28 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Олар төрт пән бойынша сынақтан өтеді.
11-сынып оқушылары үшін емтихандар 27 мамырда басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. 11-сынып түлектері бес емтихан тапсыруы керек. Биыл Қазақстан тарихы бойынша емтихан ауызша өтеді. Әр билетте үш сұрақ беріледі. Ең жоғары ұпай – 30.
Спикердің айтуынша, соңғы қоңырау биыл 25 мамырда, аттестатты салтанатты тапсыру – 16-17 маусымда өтеді. Рәсім мектеп қабырғасында өтеді.
Гүлмира Кәрімова мектеп бітіру салтанатына аниматорларды, мерекелік агенттіктерді тартуға жол берілмейтінін айтты. Сондай-ақ мерекелік үстел ұйымдастыруға, жалға берілетін автомобильмен экскурсия жасауға тыйым салынғанын атап өтті. Әкімшілік пен мұғалімдерге сыйлық үшін ақша жинауға, мейрамхана мен дәмханаларда кеш ұйымдастыруға да тыйым салынады.