СЫР ЕЛІ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

233

Фото: pixabay.comҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс негізінде Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары бойынша 9 мемлекеттік әкімшілік қызметші магистрант мен докторант тізіміне қабылданды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Нақты айтсақ, алғаш рет облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Альбина Прниязоваға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына докторант гранты тағайындалса, 8 мемлекеттік қызметші магистратура тізімінде.
Ал, магистранттар қатарында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Қуандық, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Әбілдаев, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов, Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы Жәнібек Алиев, облыстық экономика және қаржы басқармасының коммуналдық мүліктің есебіндегі нысандарды жалға беру және жекешеленліру рәсімдерін жүргізу жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрланбек Ердигаликов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетиканы дамыту бөлімінің басшысы Тұрарбек Бадаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Руслан Тәуекелов бар.
Нәтижесінде республика бойынша өңіріміз үздік үштікте. 
Айрықша атап өтетін жайт, Мемлекеттік басқару академиясына биыл түскен түлектердің 90 пайызы басқарушы қызметте жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілер болып табылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.