Сарапшы санатын алу үшін қандай ұстаздар тест тапсырмайды?

2 240

Фото: pixabay.comМұғалімдер арасында сарапшы санатын алуға қатысты тағы дау шығып жатыр. Еңбек өтілі 40 жылдан асқан педагогтың айтуынша, мектеп әкімшілігі сарапшы санатын алу үшін тест тапсыруға міндеттеп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығының 54-тармағына сәйкес 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтардың біліктілік санатын растауда тест тапсыру талап етілмейді.

"Бұған байланысты педагог-сарапшы біліктілік санаты бар педагог тестілеуден өтпейді, ал біліктілік санатты алу кезінде міндетті түрде тестілеуден өту керегін хабарлаймыз", – делінген жауапта.