Үздік ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданады

2 219

Фото: pixabay.comЕнді жоғары оқу орнын үздік тәмамдаған түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдана алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жастарға ауылдық, аудандық және облыстық деңгейдегі төменгі лауазымдарға тікелей тағайындалуға мүмкіндік бар. Бүгінде елде 83 мың мемлекеттік қызметкер бар. Ал бос лаузымдар саны мыңнан асады. Сала имиджін арттыру үшін мемлекеттік қызметке жеке сектордан білікті мамандарды тарту және оларды жоғары лауазымдарға тағайындау тәжірибесі қолданыла бастады. Сондай-ақ, азаматтардың бұған дейінгі еңбек өтілін мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілімен теңестіру қарастырылған.

 Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы: - Қазіргі таңда 505 өңірлік кадрлық резервке жастарымыз өтті. Жастарымызды мемлекеттік қызметке тарту бойынша бұл үлкен өзгерістің бірі. Сол себепті біз біліктілік талаптарын өзгертіп, кадрларды тарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Яғни жеке секторда істеген мамандарды біз функционалдық бағыты бойынша жұмысқа қабылдай аламыз.