Желтоқсан айынан бастап IT пәнінің мұғалімдері даярланбақ

2 103

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин биыл желтоқсаннан бастап еліміздегі IT пәнінің мұғалімдері даярлана бастайтынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


TechOrda бағдарламасы аясында IT кәсібін игергісі келетін қазақстандықтарға жеке озық IT мектептерде ваучерлік жүйе негізінде білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Жоба аясында азаматтар өзінің біліктілігін жетілдіре алады. Мысалы, бүгінде бағдарлама бойынша 2 000 адам IT саласын игерді. Олар жалақысы 450 мың теңге болатын жұмысқа орналаса алады. Халықаралық серіктестермен ынтымақтастық та еліміздің адами капиталының дамуына оң ықпалын тигізеді, — деді Бағдат Мусин үкімет отырысында.


Министрдің айтуынша, халықаралық алып компаниялармен бірге оқу курстары әзірленеді.


Осы бағытта қолдау көрсеткені үшін ғылым және жоғары білім министрлігіне алғыс білдіремін. Осы трендті жалғастыру үшін биыл 1-ші желтоқсаннан бастап ІТ пәнінің мұғалімдерін оқыту тетігі енгізіледі. Оқу сапасын арттыру үшін жыл соңына дейін ІТ факультеттерге тиісті сапа стандарттарын енгізу жұмыстарын бастадық. Біз ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, өңірлік оқу орындарындағы IT факультеттеріне тиісті аудит жүргіземіз. Жергілікті әкімдіктер осы жұмыстардың қарқынын арттыру үшін өңірлерде IT жобалау мектептерін қолдап, бизнеспен тығыз жұмыс жүргізуі керек, - деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.