Енді жасанды интеллект білім, денсаулық және бизнес бойынша кеңес бере алады

2 515

Фото: ©gov.kzЖасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында 50-ден астам AI-агент халыққа қызмет ететінін айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат  агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Министр қазір осындай қызметке сұраныс артып отырғанын жеткізген.

«Мемлекеттік органдар әртүрлі салалар бойынша азаматтар үшін 50-ден астам AI-агентті қалыптастырып жатыр. Олар халықтың өмір сүру сапасын және бизнеспен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырады. Қазірдің өзінде осы шешімдерге практикалық сұраныс бар. Мысалы: eGov AI ассистенті 2,3 миллионнан астам рет пайдаланылды, құқықтық AI-кеңесші 230 мыңнан астам кеңес берді, AI-терапевт 35-тен астам клиникада жұмысын бастаған, сондай-ақ білім беру саласында AI-агенттер еніп жатыр», - дейді ол.

«Бизнесті ашуға арналған AI-көмекші бар. Бұл жоба Қаржы министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Бұрын бір үйде немесе ауданда бір уақытта бірнеше ұқсас нысанның ашылу қаупі болатын. Мысалы, кофеханалар немесе дәріханалар. Енді кәсіпкер картадан қажетті аумақты таңдайды, ал жүйе осы локацияда кімнің тіркелгенін немесе жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Жасанды интеллект бизнес ашуға неғұрлым қолайлы нұсқаларды ұсынады», - дейді Мәдиев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.