Педагогтердің республикалық Тамыз конференциясы басталды

520


ҚаФото: pixabay.comзақстанда педагогтердің республикалық тамыз конференциясы басталды. Форум 19 тамызға дейін жалғасады және дәл осы күні қорытынды пленарлық отырыс өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

 Екі апта бойы панельдік сессияларда педагогтер мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.

«Тамыз конференциясының мақсаты – педагогикалық қауымдастықпен диалог орнатып, білім беру саласындағы проблемаларды, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылау. Сондай-ақ жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттері айқындалады. Шараға жаңашыл педагогтер, білім беру ұйымдарының үздік жетекшілері, сарапшылар мен ата-аналар қауымының өкілдері қатысады. Спикерлер дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары мен презентациялар өткізеді», - деді Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.


Панельдік секциялар мен пленарлы отырыстың материалдары барлығына қолжетімді болуы үшін министрліктің сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Форумның пленарлы отырысы министрліктің Facebook, Instagram және YouTube желісіндегі парақшаларында көрсетіледі.

Сондай-ақ форумның пленарлы отырысында үздік педагогтерді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.