Оқушылардың кауіпсіздік мәселелері қаралды

2 558

Фото: Облыс әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте білім саласының өзекті мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аймақ басшысы қала, аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар жұмысын сынға алды.


«2024 жылдың 3 айының қорытындысына қарағанда, облыста кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға төмендеген. Дегенмен, жекелей алғанда кейбір қылмыс түрлерінің саны артқан. Қала, аудан әкімдіктері жанында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар бар. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, топтық төбелестердің алдын алуға тікелей жауапты болғанымен, жұмысы нәтижесіз. Ешқандай зерделеу, талдау жоқ. Комиссия мүшелері адрестік-профилактикалық жұмыс жүргізбейді. Тек, мұғалімдер мен инспекторлардың зерттеулеріне сүйеніп, шешім қабылдайды. Мұны бала тағдырына бей-жай қарау деп есептеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.


Аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты шұғыл түрде бір жүйеге келтіру міндетін жүктеді. Алдағы уақытта комиссия қызметі бағаланғанда, профилактикалық шаралармен қатар, нақты адрестік жұмыстар, нәтижелі индикаторлар есепке алынады. Облыстық білім басқармасы комиссиялардың есебін тоқсан сайын баяндап, соған сәйкес шешім қабылданбақ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.