«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры бөлген білім грантына кімдер қатыса алады?
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік:
- Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:
- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан адамдар;
- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- мүгедектігі бар азаматтар;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
- төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.
Құжаттарды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.
Ескерту: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.
Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.