Мұғалімдерді "ханым" және "мырза" деп атау ұсынылды

490
Білім және ғылым министрлігінде өткен аппараттық жиын кезінде Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының президенті Ғани Бейсембаев мұғалімдерді "ханым" немесе "мырза" деп айтуды ұсынды.

Оның сөзінше, әріптестер арасында педагогтар әйелдерге "ханым" және ерлерге "мырза" сөзін қолдануы керек немесе тиісті әріптесінің аты мен әкесінің есімін атап сөйлеуі қажет. 


Мысалы, басқа мұғалімдер мен ата-аналар ұстаздарға Айгүл Қапарқызы, Айгүл ханым, Самат Болатұлы, Самат мырза деп айтуы керек. 


 Ал оқушылар Айгүл Қапарқызы, ұстаз немесе педагог деп атауы тиіс.


 "Қашықтан оқу кезінде ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасындағы коммуникацияда жаңа әдіс қажет екені байқалды. Біз жаңа жүйені енгізу керек деп санаймыз. Сондай-ақ ата-аналар білім беру тек мектептің емес, ата-ананың да жауапкершілігі екенін түсінулері керек", - дейді Ұлттық академия басшысы.