Қазақстандық жастарға Тәжікстаннан 100 білім гранты бөлінді

2 484

Фото: ашық дереккөздерденҚазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында 2025–2026 оқу жылына қазақстандық талапкерлерге Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 100 білім гранты бөлінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Гранттар мынадай бағдарламалар бойынша ұсынылады:

– бакалавриат – 70 орын;

– магистратура – 20 орын;

– үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы – 10 орын.

Оқыту тілі – тәжік және орыс тілдері.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

– тегін оқу;

– ай сайынғы стипендия;

– медициналық қызмет көрсету.

Қалған шығындар, оның ішінде жолақы мен жатақхана ақысы, грант иегерінің есебінен төленеді.

Құжаттардың толық топтамасын қабылдау 2025 жылғы 10 шілдеден 5 тамызға дейін жүргізіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.