Соңғы 4 жылда еліміздегі мұғалімдердің жалақысы 100%-ға көбейген

2 314

Қазақстанда төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға артқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еліміз мектептерінде 350 мыңнан астам педагог еңбек етеді, оның ішінде 220 мыңнан астам педагогке аттестация қорытындысы бойынша тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына үстеме ақы төленеді.


Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог-зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% үстеме ақы қосылады. Еліміз бойынша барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни, екі есеге арттырылды. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді, - делінген ведомство хабарламасында.


2022 жылдан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдерге келесі мөлшерлерде біржолғы сыйақы беріледі.


  • I дәрежелі диплом және алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық жалақының 26,5 еселенген мөлшері;
  • ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иегерін дайындаған оқытушыға – базалық жалақының 17,5 еселенген мөлшері;
  • III дәрежелі диплом және қола медаль иегерін дайындаған оқытушыға – базалық жалақының 8,5 еселенген мөлшері.