Ерекше қажеттіліктері бар балалар IT мектепте тегін білім алмақ
540
Астанада Jusan Singularity IT мектебі ерекше қажеттіліктері бар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған офлайн оқу бағдарламасын бастамақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқыту 13 ақпанда бастау алып, 24 ақпанға дейін жалғасады. Екі аптаға созылатын сабақтарда тәлім алушылар Swift тілінде бағдарламалауды үйренеді. Ал оқу соңында олар ұстаздардың жетекшілігімен iPhone-ға арналған алғашқы ойындарын жасап шығады.
Оқу форматы балалар үшін арнайы әзірленіп, көрнекі әрі қызықты кезеңдерге мән берілді. Мұнымен қоса жеткіншектердің сабақты жетік түсінуі үшін теория мен практика қатар қарастырылған.
Балаларға Apple Trainer Certified сертификаты бар оқытушы Смағұл Негматов тәлімгерлік етеді. Аталмыш курс Apple қолдауымен және Қазақстандағы “iTeacher Academy” Authorized Reseller for Education компаниясымен бірігіп құрастырылды.
Jusan Singularity – қазақстандық еңбек нарығы үшін IT мамандарын дайындайтын Jusan компаниясы тобының білім беру жобасы. Мектеп Астана қаласында орналасқан және ол екі деңгейлі кампустан тұрады. Мұнда тәлім алушылар келесі бағыттар бойынша білім ала алады: Java Backend, Mobile Developer (Android, iOS), Frontend (React), DevOPs. Мектеп заманауи ІТ-инфрақұрылыммен, тұрақты интернетпен және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. Мұнда коворкинг, конференц-залдар, дебифинг алаңдары, ас үй және т.б. бар.
Jusan Singularity ұйымдастыруымен өтетін тегін оқу курсы барысында тәлім алушыларға қажетті құрал-жабдықтар, атап айтсақ, iMac компьютерінің соңғы нұсқасы, демалуға арналған орын мен сабақты қайталау үшін дәрістердің жазбасы ұсынылады. Ал оқу аяқталған соң қатысушылардың барлығына сертификат пен естелік сыйлықтар беріледі. Ал ең үздік нәтижелерге қол жеткізген жеткіншектер білімдерін әрі қарай шыңдап, Apple компаниясы ұйымдастыратын WWDC конференциясына қатысуға жолдама алады.
Айта кетсек, бұған дейін 2022 жылдың желтоқсанында Jusan Singularity IT мектебі Dara қорының "Тәлімгерлер" жобасымен бірге бұл бағдарламаны Қазақстандағы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткізген еді. Сонымен қатар 2022 жылы мектеп Қазақстанның қаржы секторы үшін ересек бағдарламалаушыларды дайындау бойынша ауқымды жобаны да жүзеге асырған болатын.

Бұл тренингтің көмегімен біз балаларды әлеуметтік статусына байланысты шектеуі жоқ және беделді компанияларда қызмет етуге жол ашатын "бағдарламалау әлеміне" тартқымыз келеді. Мәселен, Apple сынды алпауыт компания инклюзия саласындағы білімге ерекше мән береді. Apple Trainer Certified тренингі барысында мұнда мүгедектігі бар жандар senior бағдарламалаушы ретінде жұмыс істейтінін білген болатынбыз. Меніңше, бұл расымен де әрбір адамды рухтандырады және Қазақстанда да кім екеніне қарамастан осындай білікті мамандардың саны артса екен деген ниеттеміз, - дейді бағдарлама жетекшісі Смағұл Негматов.