Астаналық колледж студенттері ландшафттық дизайн бойынша виртуалды тур ұйымдастырды

2 696

Фото: Оқу-ағарту министрлігі«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде Астана қаласының Сервис және туризм колледжінің студенттері ерекше жоба — ландшафттық ғимарат ішін виртуалды аралауды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Іс-шараға қатысушылар тек көркем абаттандырылған аумақты VR-технологияларының көмегімен толықтай виртуалды түрде көре алды. 

Бұл жоба студенттердің осы оқу жылында алғаш рет ашылған жаңа мамандықтар — ландшафттық дизайн және флористика бағыттары бойынша жұмыстарының нәтижесі. 

«Бұл жобамен жұмыс жасау бізге ерекше қызықты болды. Біз 3D-моделдеу мен визуалдау бағдарламаларының қолданылуын меңгеріп, заманауи технологиялардың жобалау процесін қалай жақсартатынына көз жеткіздік. Жұмысшы мамандықтар фестивалі — біздің жаңа кәсіби мүмкіндіктерімізге жол ашатын маңызды алаң», — деп атап өтті колледж студенті Артур Васильев.

Ландшафттық дизайнер мамандығы қазіргі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Бұл сала мамандары аумақты тек көркемдеп қана қоймай, оның функционалды бөліктерін дұрыс ұйымдастыру, көгалдандыру, жайлы орта қалыптастырады. Студенттердің жобасы фестивальге келгендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.