Ата-аналар мектепте берілетін тамақтың сапасына шағымданды

1 552

Жетісу облысы Ескелді ауданындағы мектепте ата-аналар тамақтың сапасына қатысты наразылықтарын білдірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде Б.Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде оқушыларға берілетін тамақтың фотосы тараған. Суреттерде картоп пен қырыққабат қосылған борщ, ботқаға ұқсайтын палау мен сүтсіз шайды көруге болады. Ата-аналар мектеп басшылығын балалардың тамақтануына ақша үнемдеп отыр деп айыптады. 



"Мұндай түскі астан кейін балалар ғылымға қызықпақ түгілі оқығысы да келмейді", "Аспазға кім мынандай нәрсе пісірткізіп жүр", "Өзіңіз соны жер ма едіңіз? Бізде соғыс болып жатыр ма?" деп жазды желі қолданушылары.


Жетісу облысының білім басқармасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.


"Бұл факт ерекше бақылауға алынды. Б.Жолбарысұлы атындағы мектепке комиссия жіберіледі. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз", – деді басқарма басшысы Марат Сүлейманов.



Еске салайық, Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Республика бойынша бір түскі астың құны орта есеппен 577 теңгеге деп бекітілген. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.