Биыл оқу жылын бітіруші түлектер аттестаттарын Egov Mobile мобильді қосымшасынан алады
Биыл оқу жылын бітіруші түлектер аттестаттарын Egov Mobile мобильді қосымшасынан алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова айтты.
Оның айтуынша, биылдан бастап негізгі және орта білім беру бойынша аттестаттарды цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім туралы дипломдар цифрлық форматта Egov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болды.
Қаз
Рус






