«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін құжаттар қабылдау басталды
395
2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжат қабылдаудың алғашқы кезеңі 27 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Екінші кезең – 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан кейін 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Конкурстық іріктеу 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады.
Биыл магистратура және резидентураға - 395 стипендия, докторантураға - 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.
Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасы бойынша «инженерлік-техникалық мамандар» жеңілдік санаты бекітілді.
Сонымен қатар медициналық қызметкерлер үшін жеңілдік санаты енгізілді. Квоталық санаттардың тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ олар құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес.
Олар оқу орнын стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында оқуға ұсынылатын ЖОО-лар тізімінен таңдай алады.
Естеріңізге сала кетейік, жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады.
Оларға жеңілдігі бар кандидаттар жатпайды.
Толығырақ ақпарат Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.