Оқу-ағарту министрі жас саясаткерлермен білім саласын талқылады

488
Бүгін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының Жас саясаткер мектебінің қатысушыларымен кездесті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Спикер өз сөзінде министрлік қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, қоғамдық саясатты дамыту туралы өз пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы білім беру саласына қатысты басымдықтарын жүзеге асыруға егжей-тегжейлі тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Еске сала кетейік, Жас саясаткер мектебіне қатысу үшін конкурстық негізде еліміздің барлық өңірінен 50 адам іріктелді. Олар 5 күндік қарқынды оқыту курсынан өтеді. Бұл – көпшілік алдында сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару, көшбасшылық бойынша тренингтер және Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.