Маңғыстауда үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесі шешілмек
494
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қараша күні Маңғыстау халқымен кездесуінде облыстық білім беру, денсаулық сақтау саласын дамытып, жастарға қолдау көрсету керек екенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Осы орайда Президент "қазіргі заманда әр азаматтың және тұтас елдің табысты болуына ілім мен білім мол мүмкіндік беретінін, сондықтан, білім инфрақұрылымын дамыту және оның сапасын арттыру еліміз үшін басты басымдық екенін" айтты.
Биыл өңірде 17 жекеменшік балабақша ашылды. Президент осы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.
Президенттің сөзінше, өңірде орта білім беру саласындағы жағдай да мәз емес.

"Ең алдымен, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ісінің қолжетімді болуына назар аудару қажет. Маңғыстау облысында балабақша мәселесі толық шешімін таппаған. Мұнда 10 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін толық пайдалану керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биыл өңірде 17 жекеменшік балабақша ашылды. Президент осы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.
Президенттің сөзінше, өңірде орта білім беру саласындағы жағдай да мәз емес.
"Облыстағы 13 мың оқушыға мектептен орын жетпей жатыр. Апатты жағдайда тұрған, үш ауысыммен оқытатын мектептер бар. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша Маңғыстау аймағында алдағы үш жылдың ішінде 21 мектеп салынады. Бірақ, бұл да жеткіліксіз. Облыс әкімдігі үш жылдың ішінде үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешуге тиіс", - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.