Мектептерде металл іздейтін құрылғы орнатылуы мүмкін

1 695
Мектептерді металл іздеу құрылғысымен жабдықтау мәселесі талқыланып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде мектептерді металл іздеу құрылғысымен жабдықтау мәселесі талқыланып жатырғандығын атап өтті. 

«Білім ұйымдары 100 пайыз бейнебақылаумен жабдықталып, 80 пайыздан астамы жедел басқару орталығына қосылған. Білім ұйымдарының 74 пайызы маманданған күзет ұстайды. Білім ошақтарының шамамен 94 пайызында «дабыл» түймесі бар. 2023 жылдың 1 қыркүйегінде осы параметрлердің бәрі 100 пайыз көрсеткішпен қамтамасыз етілуі керек. Металл іздеу құрылғысына келсек, мұндай ұсыныс енгізілді, қаралып жатыр. Педагогтер мен білім ұйымдары талқылап жатыр. Шешім қабылданған кезде ресми мәлімет береміз», - деді Шолпан Каринова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.