Қазақстанда ғылыми жоба авторларының табысы қанша?
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде ғылыми жоба авторларына берілетін сыйақылар туралы түсінік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«2023 жылдың қорытындысын саралай келе, 2022 жылы іске қосылған жобалар бойынша авторларға онлайн-бақылау технологиясы жобасына қатысты 20 млн теңге көлемінде авторлық сыйақы төленді», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомство мәліметіне қарағанда, ғылыми-зерттеу институттары мен ғалымдар роялтиден басқа ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерцияландыру жобаларын іске асырудан да дивидендтер алуға құқылы.