«Заковат» зияткерлік ойынының І Орталық Азия кубогында Қазақстан жеңіске жетті

217
Өзбекстан астанасында «Заковат» зияткерлік ойынының спорттық нұсқасы бойынша I Орталық Азия кубогы аясындағы брейн-ринг турнирінің финалында Қазақстанның «Простые работяги» командасы жеңіске жетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі «Заковат» зияткерлік клубының Telegram арнасына сілтеме жасап.

Бүгін «Заковат» зияткерлік ойынының спорттық нұсқасы бойынша І Орталық Азия кубогы аясындағы брейн-ринг турнирі өз мәресіне жетті.


«Қиын бәсекеде өткен финалдың алғашқы кездесуінде Өзбекстан командасы қазақстандық қарсыластарын 6:2 есебімен ұтты. Екінші ойында қазақ білімпаздары 4:2 есебімен жеңіске жетті. Соңғы шешуші ойында да қазақстандықтар 5:2 есебімен жеңіске жетіп, кубокты иеленді», - делінген хабарламада.


Жеңімпаздарға кубокты Өзбекстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Комил Алладжонов табыс етті.
Турнир қорытындысы бойынша, 2-орынды Өзбекстанның «Мы» командасы, 3-орынды да жергілікті «Мистерия» командасы иеленген.


Жеңімпаз командаға 100 млн сум көлемінде сыйақы табысталды.
Екінші орын үшін 60 млн сум, үшінші орынға 40 млн сум сыйақы берілді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.