Мектеп оқушылары зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мобильді қосымша ойлап тапты

1 812
Еліміздің оқушылары тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін "Tozbe" арнайы мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл жобаны Haileybury мектебінің оқушылары Аликсения Мартышева, Аружан Нүсіпжан, Сания Мұхамбетқалиева, Дана Скороходова, Селин Четиннели және Мира Унгарова жасап шығарған.

"Tozbe" кітап оқуға арналған қосымшаға ұқсайды, бірақ экранның бұрышында көрінбейтін батырма жасырылған. Жәбірленуші соны басса, бірден Tozbe-ге ауысады.

Қосымша дауыстық пәрмен арқылы іске қосылады. Пайдаланушы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде кодтық сөз орнатады.

Tozbe-де өзіңіз туралы ақпаратты толтырып, байланыс нөмірін көрсетуіңіз керек. Қауіп төнген жағдайда, контактіге қауіп төнген пайдаланушының геолокациясы SMS түрінде жіберіледі. Сондай-ақ бағдарлама не болып жатқанын дыбыстық жазбаға сақтай алады, – дейді әзірлеушілер.

Енді ол қосымша жақын арада іске қосылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.