Білімнің жолында емес, миллионның жолында жүрген мұғалім ұсталды

1 678


Фото: testcenterkzПавлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 миллион теңге алған мұғалім қамауға алынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Жәбірленушінің айтуынша,  Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болған азамат ҰБТ-ны тапсыруға көмектесемін деп жалған уәде беріп, 1 миллион теңге алған.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ күдіктінің өңірде осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Полиция азаматтарға егер алаяқтардың құрбаны болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды ескертеді. Айта кетейік, биылғы жылы аталған аймақта 1 872 киберқылмыс тіркелген. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.