Жаңа оқу жылында үкімет гранттар санын шамамен 40 мыңға қысқартты

2 657

Фото: Pixabay.comБиыл Үкімет гранттар санын 3 есе қысқартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Жаңа оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын студенттер саны айтарлықтай азаюы мүмкін. Биыл 220 мыңға жуық талапкерлерге небәрі 71 844 грант бөлінеді. Ал 2024 жылы жоғары оқу орындарында оқуға 112 мың грант бөлінген еді.

“2030 жылға дейін ел экономикасына шамамен 885 мыңдай білікті маман керек болады. Әсіресе, инженерлік салада қызмет ететін кадрлар ауадай қажет. Нақтырақ айтсақ, 529 мың 977 маман. Сондай-ақ нарықта педагогтерге деген сұраныс та сақталады. Мұғалімдердің қажеттілік үлесі – 21%. Бұл 185 мыңнан астам талапкер мұғалім мамандығын таңдауға тиіс деген сөз”, – дейді министрліктегілер.

Жаңа оқу жылында инженерлік, қайта өңдеу және құрылыс секторларына басымдық берілгелі отыр. Сәйкесінше, 20 878 талапкер мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға мүмкіндік алады. Ал педагогтер үшін 17 898 грант қарастырылған. Үшінші орында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы. Бұл секторға 12 087 грант бөлінбек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.