Қазақстанда ғылыми жоба авторларының табысы қанша?

2 559

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат ХААҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде ғылыми жоба авторларына берілетін сыйақылар туралы түсінік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.


«2023 жылдың қорытындысын саралай келе, 2022 жылы іске қосылған жобалар бойынша авторларға онлайн-бақылау технологиясы жобасына қатысты 20 млн теңге көлемінде авторлық сыйақы төленді», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.


Ведомство мәліметіне қарағанда, ғылыми-зерттеу институттары мен ғалымдар роялтиден басқа ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерцияландыру жобаларын іске асырудан да дивидендтер алуға құқылы.


«2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан конкурстар аясында «Ғылым қоры» АҚ ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерцияландырудың 290 жобасын қаржыландырды. Оның ішінде 152-сі аяқталды және 138 жоба іске асыру сатысында. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жобалар бойынша жалпы сатылымдар 33,7 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, технологияларды беру тұрғысында 51 лицензиялық келісім жасалды, жалпы сомасы 534 млн теңгеге роялти төленді, 1 763 жұмыс орны ашылды, сондай-ақ төленген жалақының жалпы сомасы 6,9 млрд теңгені құрады», - деп аталып өткен министрлік ақпаратында.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.